
Безгек – адамзаттың ең көне, ең өлімге әкелетін және кең тараған ауруларының бірі. ДДҰ деректері бойынша безгекке бейім елдер: Азия мен Океанияда: Ауғанстан, Бангладеш, Бутан, Вануату, Вьетнам, Үндістан, Индонезия, Шығыс Тимор, Иран, Ирак, Йемен, Камбоджа, Қытай, Лаос, Малайзия, Мьянма (Мьянма), Непал, БАӘ, Оман, Пәкістан, Папуа-Жаңа Гвинея, Сауд Арабиясы, Соломон аралдары, Сирия, Таиланд, Филиппин, Шри-Ланка, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркияның кейбір аудандары.
Ауру науқас адамнан сау адамға сілекейінде ауру қоздырғышы бар Anopheles масасының шағуы арқылы жұғады. Трансплацентарлы жолмен, қан құю арқылы немесе инелерді ортақ пайдалану арқылы да берілуі мүмкін. Адам безгегі бір немесе бірнеше паразиттерден туындайды: Plasmodium falciparum, P. vivax, P. ovale немесе P. malariae. P. falciparum өлімге әкелетін безгекпен ең тығыз байланысты.
Инкубациялық (белгісі білінбейтін) мерзімнің ұзақтығы 6-7 күннен бастап 6 айдан 3 жылға дейін.
Безгекпен ауырған науқас адамда кенеттен ұстама басталады, олар 3 фазалы: қалтырау, ол 3-4 сағаттай өтеді, дененің қызуы – дене температурасы кенеттен жоғарылайды, бас қатты ауырады, дене қызуы түскеннен адам терлейді. Осындай ұстамалар безгек қоздырғышының түрлеріне сәйкес күн сайын немесе 2-3 күн өтеді. Кейде безгектің ұстамалары қалтыраусыз да өтеді. Ұстама нақты бір кезеңділікпен қайталанады.
Адамдарды безгектен қорғау бірнеше жолмен жүргізіледі:
- Саяхаттау үшін елді таңдаған кезде міндетті түрде саяхатты ұйымдастыратын туристік фирмадан ол елде безгекті жұқтыру қаупі бар екендігі туралы ақпаратты алу керек. Сапарға шығар алдында қажет болған жағдайда химиялық профилактика, яғни безгекке қарсы препараттарды қабылдау тағайындалады, ол туралы туроператор сізге ескертулері тиіс. Әр препараттар үшін қабылдаудың нақты бір схемасы берілген, оны дәрігер ғана тағайындайды.
- Безгек көп таралған аумақтарда, жеке адамның өзін безгектен қорғау шарасы – масаның шағуынан қорғану туралы естен шығармау керек. Безгек масалары адамға кешкі және түнгі уақытта шабуылдайды, сондықтан кешқұрым уақытта үй-жай ішінде болған дұрыс. Кешқұрым және түнгі уақыттарда денені толық жабатын киім киіп, тері үсті және киімге себілетін репелленттерді (қорғау құралдарын) қолдану керек.
- Үй-жайлардағы терезе мен есіктер торлануы тиіс, кешкі және түнгі уақытта жай ішін өңдеу үшін электрофумигаторларды, масаға қарсы спираль, бүріккіштерді (аэрозоль) пайдалануға болады. Ұйықтаған сәтте шымылдықты пайдаланған дұрыс.
Сапардан келгенде міндетті түрде безгек бойынша қолайсыз елден келгені жөнінде мекенжайы, оқу немесе жұмыс істеген орындағы учаскелік дәрігерге туралы хабарлау керек.
Безгек бойынша келеңсіз елде болғаннан кейін аурудың әлсіз де болса белгісі біліне бастаса тез арада дәрігердің көмегіне жүгіну қажет!