
Қарабалық ауданының мобильді тобы «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды, сондай-ақ ерекше назар аударатын топқа жататын отбасыларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Екі отбасы анықталды және олар кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралатын болады, қалғандарына ұсынымдар беріліп, шаралар қабылданып, аяқ киім, киім-кешек түрінде көмек көрсетілді.