«Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы жыл сайынғы есебі

  1. Жалпы ережелер.

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі 31, тел: 8-714-41-3-27-97.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ көрсететін мемлекеттік қызметтер саны - 10

  1. Ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау - 2023 жылы қызметтер көрсетілмеген;
  2. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестесін бекіту - 2023 жылы қызметтер көрсетілмеген;
  3. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу - 2023 жылы қызметтер көрсетілмеген;
  4. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру - 2023 жылы қызметтер көрсетілмеген;
  5. Ағаштарды кесуге рұқсат беру - 2023 жылы қызметтер көрсетілмеген;
  6. Тұрғын үй көмегін тағайындау - 2023 жылы қызметтер көрсетілмеген;
  7. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару - 2023 жылы қызметтер көрсетілмеген;
  8. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы - 30 мемлекеттік қызмет, 0 – дәлелді бас тарту;
  9. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру - 2023 жылы қызметтер көрсетілмеген;
  10. Тұрғын үй сертификаттарын беру - 2023 жылы қызметтер көрсетілмеген.

«Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ көрсететін барлық қызметтерге ережелер мен стандарттар бекітілген.

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны www.egov.kz - 0;

Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны: 30 – тегін;

Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны: 30 – электрондық.

2023 жылы мемлекеттік органның өзінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 0, 2022 жылы – 0. Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0, 2022 жылы - 0. 2023 жылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы - 30 қызмет.

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

2023 жылы ең көп сұранысқа ие 1 мемлекеттік қызмет болды:

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай - ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» - 30 қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 100%.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

«Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілермен және ақпараттық - анықтамалық материалдармен стенд ресімделді;

Қарабалық ауданында «халыққа қызмет көрсету орталығы» Қарабалық департаментінің бөлімі – «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы жұмыс істейді, онда «Connection Point» өзіне – өзі қызмет көрсету секторы бар, онда әрбір клиент электрондық қызметті өз бетінше немесе кеңесші қызметкердің көмегімен ала алады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауды жүргізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Қарабалық ауданы әкімі аппараты тарапынан үйлестіру және жалпы әдістемелік басшылық, ай сайынғы мониторинг және бақылау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жоғары тұрған органдармен өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар өткізілді: әкімдік ғимаратында ақпараттық стендте жауапты лауазымды тұлғаның Т. А. Ә. көрсетілген көрсетілетін қызметтердің тізімі орналастырылған, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған, азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін «электрондық үкімет» порталына қосылған компьютер орнатылған, Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтарға оқыту және көмек көрсетеді қызмет көрсетуге жауапты әкімдік маманы.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жүргізілген жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру болған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: барлығы 30 қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы - 0, «Электрондық үкімет» порталы арқылы - 0, ЖАО арқылы – 0, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз - 30. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.

2023 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары өткізілмеген.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның тексеруі жүргізілген жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мақсатты жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2024 жылы бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады:

-мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

-халықты стендтер, БАҚ және ресми интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы уақтылы хабардар ету;

-мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;

-мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру. 

 

«Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы жыл сайынғы есебі
Дата публикации
17 апреля 2024