- Іс-сапар басшылықтың өкімі бойынша мемлекттік қызметшіні қызметтік міндеттерін орындау (тексерулер, семинарлар, көшпелі кеңестер және т.б.), оқу, біліктілігін артыру немесе қайта даярлау үшін өзге жерге белгілі мерзімге жолдау болып табылады.
- Турақты орналасудан тыс шығу Әдеп кодексінің талаптарын сақтаудан босатпайды.
- Іс-сапарда жүрген лауазымды тұлғалар өзінің мінез-құлқымен және сыртқы түрімен азаматтар мен басқа мемлекттік қызметшілер үшін үлгі болуға тиіс.
- Барлық іс-сапар шығыстарын (жол журу, тұру, тамақтану) төлеуді іс-сапарға жіберілген адам оған бөлінген ақшақаражаты есебінен ғана жүзеге асыруға тиіс.
Сыйлықтар алуға, жол жүру билеттерін, қонақ үйдетуруын төлеуге, дастархан басындағы отырыстарға қатысуға, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді ішуге жол берілмейді.
- Көңіл көтеру орындарына барудан бас тартқан жөн.
- Жол жүру барысында іс-сапарға жіберілетін мемлекеттік қызметшілер көлік құралдарымен жүріп өту және оларды пайдаланудын белгіленген ережелерін, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін адамдардың (жолсерік, жүргізуші, машинист, пилот, бақылаушы және т.б.) өкімдерін сақтауға, олармен және жолаушылармен сыпайылық танытуға міндетті.
- Қонақ үйде тұрудың белгіленген ережелерін ұстану, ұақыт тәртібін, тазалық пен тәртіпті сақтау қажет.
- Жергілікті көрікті жерлерге тек жұмыстан тыс ұақытта бару керек. Оларға барумен байланысты шығындарды тек өз қаражатынан өтеу керек.