Хабарлама

2021 жылғы 25 шілдеде Қарабалық ауданының ауылдық округтері әкімдерінің алты сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

            Қарабалық аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қарабалық ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

           Бозкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Бозкөл сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1137 азамат енгізілді, олардың 732-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 16, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-108.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

З.К.Ертаев–126 С.Т.Тюлюбаев– 446; М.Б.Шайхинов – 36.

Бозкөл ауылдық округінің әкімі болып Сапаргалей Тунушбаевич Тюлюбаев сайланды, 1960 жылы туған, Бозкөл ауылдық округінің әкімі, Бозкөл ауылдық округінің Бозкөл ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясымен ұсынылған.  

           

Бөрлі ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Бөрлі сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 550 азамат енгізілді, олардың 441-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 29, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-38.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

            К.К. Жунусов– 67; А.С.Сағынбек– 277.

            Бөрлі ауылдық округінің әкімі болып Алмат Сағынбекұлы Сағынбек сайланды, 1985 жылы туған, Бөрлі ауылдық округінің әкімі, Бөрлі ауылдық округінің Бөрлі ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясымен ұсынылған.

 

Қособа ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Қособа сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 496 азамат енгізілді, олардың 370-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 28, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-34.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

            Е.И. Бисекеев– 234; А.С. Ещанов– 56; Ж.У.Маралбаева– 18.

            Қособа ауылдық округінің әкімі болып Ерболсын Иманкулович Бисекеев сайланды, 1968 жылы туған, Қособа ауылдық округінің әкімі, Қособа ауылдық округінің Славенка ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясымен ұсынылған.

 

Новотороицк ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Новотроицк сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 883 азамат енгізілді, олардың 662-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 57, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-66.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Б.О. Бокаев–422; Ж.Ж.Тугаев – 117.

            Новотроицк ауылдық округінің әкімі болып Берик Оралбекович Бокаев сайланды, 1972 жылы туған, Новотроицк ауылдық округінің әкімі, Новотроицк ауылдық округінің Новотроицкое ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясымен ұсынылған.

 

Смирнов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Смирновка сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 750 азамат енгізілді, олардың 557-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 42, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-51.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Г.С. Баймухаметова– 116; Б.Н.Капанова – 348.

            Смирнов ауылдық округінің әкімі болып Ботагоз Наурзбаевна Капанова сайланды, 1970 жылы туған, Смирнов ауылдық округінің әкімі, Смирнов ауылдық округінің Смирновка ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясымен ұсынылған.

 

Тоғызақ  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Тоғызақ сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2296 азамат енгізілді, олардың 1992-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 149, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-171.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

            И.Г.Проскурникова– 1320; А.А.Штраух– 352.

            Тоғызақ ауылдық округінің әкімі болып Ирина Геннадьевна Проскурникова, 1968 жылы туған, Тоғызақ ауылдық округінің әкімі, Тоғызақ ауылдық округінің Тоғызақ ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясымен ұсынылған.

            Қарабалық аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Қарабалық ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

           

                                                                 Қарабалық аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 июля 2021