«Бөрлі ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде қызметі туралы 2020 жылға арналған жыл сайынғы есеп

  1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер.

         «Бөрлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

 Мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес 2020 жылы ауылдық округі әкімінің аппараты 8 мемлекеттік қызмет  көрсетіледі;

 Тегін және (немесе) ақылы негізінде көрсетелетін мемлекеттік қызметтердін саны- 7- тегін, 1- ақылы;

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетілетін қызметті алушы тегін ұсынады, 2020 жылғы қазанға дейін қағаз нысанында, 2020 жылғы қазаннан бастап электрондық нысанда ұсынды.

         Көрсететін барлық қызметтерге қағидалар  бекітілді.

3) Талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ішінде 2020 жылы ең талап етілетін 1 қызмет:

         «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 7 қызмет        

  1. Қызмет көрсетушілермен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат дереккөздері және қол жеткізу орындары туралы ақпарат.

        Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында нормативтік құқықтық актілермен және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ақпараттық-анықтамалық материалдармен стенд ұйымдастырылды, мемлекеттік қызмет алушыларды тиісті мамандығы бойынша қызмет көрсетуге жауапты аппараттын мамандары оқытады және көмек көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған. «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алуға арналған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді.

         2020 жылы Қарабалық ауданының қоғамдық-саяси газеті арқылы халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жүргізілді. Аудандық "Айна" газетінің 2020 жылғы 27 ақпандағы   № 8 (1002) мақала жарияланды.

          2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

          «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11 бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді.

3) мемлекеттік қызмет көрсету процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.):

          Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін 2020 жылы 1 іс-шара өткізілді, бұл мемлекеттік қызметтер саласындағы қызмет туралы есепті қоғамдық талқылау, халыққа күнделікті кеңестер беріледі.

          Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты WhatsApp мессенджері арқылы тұрғындар арасында ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Электрондық үкімет» порталында жұмыс істеу үшін электрондық цифрлық қолтаңба. Электрондық цифрлық қолтаңбаны алу үшін тұрғындарға ыңғайлы болу үшін ХҚО-ның жоспарланған екі сапары ұйымдастырылды: наурыз және қараша айларында.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің процестерін жетілдіру бойынша қызмет.

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

        Әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және қысқарту мақсатында,  2020 жылы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматына ауыстыру бойынша жұмыс жалғасты

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

        2020 жылы бір маман мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

3) Мемлекеттік қызмет көрсетудің процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің процестері нормативтік-құқықтық жетілдірілмеген.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде шағымдары туралы ақпарат.

2020 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде шағымдар түскен жоқ;

 2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылаудың нәтижелері:

        Ауылдық округі әкімінің аппаратында ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау туралы есеп қалыптастырылады, содан кейін оны Қарабалық ауданы әкімінің аппаратына ұсынады. 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мерзімдер бұзылған жоқ.

         3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органмен жүргізілген тексерулер.

2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органмен жүргізілген тексерулер жүргізілген жоқ.

        4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық мониторингтаудың нәтижелері.

2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қоғамдық мониторингі жүргізілген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің әрі қарай тиімділігінің және қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасымен қанағаттануын арттырудың болашағы.

         2021 жылы жергілікті атқарушы орган ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін арттыру, WhatsApp мессенджері арқылы тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, процедураны бөлу бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу жоспарлануда бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін, «электрондық әкімдікті» кеңінен насихаттау бойынша PR-акциялар мен іс-шаралар өткізу, ауылдық округ азаматтарының цифрлық сауаттылығын оқыту.

Дата публикации
07 апреля 2021