Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы №1 ХАТТАМА

Аудан әкімі аппаратының                                          «11» маусым 2026 жыл

мәжіліс залы, 3-қабат                       №1                   сағат 18:00

 

                                                                      

Төрағалық етті: С.Ж. Нургалиев – кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі.

Отырысқа шақырылды: жұмыс тобының мүшелері, қоғам өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары.

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қарау және талқылау, сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды қабылдау».

___________________________________________________________

(Б.Т. Сисенова)

ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:

  1. «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңіндегі қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері мақұлдансын;
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша дайындалған талдамалық анықтамада көрсетілген ұсынымдар бекітілсін;

2.1. Ішкі талдау ұсынымдарына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуы қамтамасыз етілсін;

2.2. Жария талқылау нәтижелері заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылсын.

      Осы хаттаманың орындалуын бақылау кәсіпкерлік бөлімінің басшысына жүктелсін.

Қолдары:

Жұмыс тобының жетекшісі                                  С. Нургалиев

Жұмыс тобының мүшелері:                                  Б. Сисенова

                                                                                  А. Палагутина

                                                                                  А. Каримова

                                                                                  З. Аубакирова

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы №1 ХАТТАМА
Дата публикации
11 июня 2026