Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары

 

 Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі Төрағасының

2026 жылғы «19»қаңтардағы

№ 8 бұйрығына қосымша

 

Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары

 

№ р/с

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

Аяқтау нысаны

1

2

3

4

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл саласындағы заңнамасының және  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің
әдеп кодексін
ің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша
консультациялық көмек көрсет
у іс-шаралары

1.1.

Мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға бағытталған түсіндіру іс-шараларын жүргізу

(мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы; қызметтік тәртіп; мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі; мемлекеттік қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері; мемлекеттік қызметті тоқтату; қаржылық бақылау шаралары; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер; мүдделер қақтығысы; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық.)  

Үнемі

Тренинг, кездесу, дөңгелек үстел,

семинар

(іс-шара нысаны қажеттілікке қарай анықталады)

1.2.

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға бағытталған түсіндіру іс-шараларын жүргізу

(сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары; қаржылық бақылау шаралары;  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер;  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар; мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет; жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашуға, иеленуге, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға жол бермеу;  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;  мүдделер қақтығысы; сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері және олардың өкілеттіктері; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жою).

Үнемі

Тренинг, кездесу, дөңгелек үстел,

семинар

(іс-шара нысаны қажеттілікке қарай анықталады)

1.3.

Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері бойынша азаматтарға (жеке және заңды тұлғалар), сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге жеке қабылдау жүргізу

Бір айда

екі рет

 

Жеке қабылдау

 

Қабылдаудың хаттамасы

1.4.

Мемелеттік қызметшілердің қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормаларын түсіндіру үшін ресми ресурстарға бейнематериалдар орналастыру

 

                                                                                                        

Жарты жылда

            бір рет

 

Қазақстандық баспасөз және электрондық БАҚ-та, соның ішінде жаңалық порталдары мен әлеуметтік желлілерде жарияланымдар

2. Заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға ықпал ету іс-шаралары

2.1.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген азаматтарға:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау:

1) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысу;

2) кәсiпкерлiк қызметпен айналысу;

3) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болу; 4) өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалану;

5) ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысу;

6) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалану;

- мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын сақтау;

- мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері бойынша  оқыту жұмыстарын  ұйымдастыру.

Лауазымға тағайындалған уақыттан бастап

бір айдың ішінде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп мәселелері бойынша бейнекурс немесе онлайн-оқыту жүргізу

 

2.2.

Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша жұмыстар ұйымдастыру

Тоқсан сайын

Агенттік және уәкілетті органдардың қызметкерлерімен кездесу (келісім бойынша); жиналыс; бейнеролик көру; дәріс оқу

(іс-шара нысаны қажеттілікке қарай анықталады) 

2.3.

Мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын  жүргізу

Мереке күндерінің алдында

Хаттарды жолдау немесе басқа да амалдармен тиісті ақпаратты жеткізу

2.4.

Орталық мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы орган (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің жиындарында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы мәселелерін қарауды ұйымдастыру

Жылына

бір рет

Орталық мемлекеттік органның отырысы немесе  жергілікті атқарушы орган (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің отырысының хаттамасы

2.5.

Бұзушылыққа жол бермейтін келесі профилактикалық жұмыстарды жүргізу:

- «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуге;

- мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға;

- мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруға;

- мемлекеттік органдарда  әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауды болдырмауға

Жарты жылда

бір рет

Дінтану, үкіметтік емес ұйымдардың және  экстремизмге қарсы күрес саласындағы мамандарды, сондай-ақ   құқық қорғау органдарының  қызметкерлерін тарта отырып семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру

 

Мемлекеттік орган басшысына  және

Агенттікке ақпарат

3. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын (бұзушылықтарға шаралар қабылдамау жағдайларын) талдау,

мониторингтеу және бақылау іс-шаралары

3.1.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауаптылыққа («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің қоғамдық тәртiп пен имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қатысты келесі баптары бойынша 434, 439, 440, 440-1; 441, 443, 444, 446, 449, 450, 482, 490, 608, 613) тартылуы жағдайына мониторинг жүргізіп, оның нәтижелері бойынша қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталған жағдайда, тиісті қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын қарау  немесе профилактикалық жұмыс жүргізу бойынша шара қолдану

Тоқсан сайын

 

Мемлекеттік орган басшысына ұсыныс  және

Агенттікке ақпарат

3.2.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы фактілеріне мониторинг жүргізіп,  құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға мониторинг жүргізу

Тоқсан сайын

 

Мемлекеттік орган басшысына  құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс және

Агенттікке ақпарат

 

3.3.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі  жарияланымдарға  мониторинг жүргізу және оның нәтижелері бойынша ден қою жұмыстарын ұйымдастыру

Үнемі

Мемлекеттік орган басшысына және Агентікке ақпарат

4. Азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен
өзара іс-қимыл жасау іс-шаралары

4.1.

Азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін «Ашық есік күні» науқанын өткізуді ұйымдастыру

Қажет болған жағдайда

Агентікке ақпарат

4.2.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерімен өзара әрекеттестікті орнату және дамыту, соның ішінде бірлесіп профилактикалық іс-шаралар өткізу

(сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жаңарту; типтік бұзушылықтарды және олардың туындау себептерін талдау; мүдделер қақтығысы мәселелері және оны реттеу; профилактикалық және түсіндіру жұмыстарының тиімділігі)

2026 жылдың

ішінде 

Тренинг, кездесу, дөңгелек үстел,

семинар

 

4.3.

Қоғамдастық және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірлескен профилактикалық және түсіндіру іс-шараларын өткізу

2026 жылдың

ішінде

Тренинг, кездесу, дөңгелек үстел,

семинар

4.4.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға бағдарланған  мемлекеттік қызметшілердің «мінсіз беделінің» мысалдарын қоғам арасында кеңінен насихаттау 

Үнемі 

БАҚ-та және әлеуметтік желілерде бейнематериалдар,  жарияланымдар

5. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға

және қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар

5.1.

Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы бойынша сауалнама және мониторинг жүргізу (мәселен,  еңбекақы,  бонустар,  материалдық көмек,   жыл сайынғы еңбек демалысы,  іссапар шығындары,  мемлекеттік органда жойылу (тарату), қайта ұйымдастыру, басқару құрылымын өзгерту және штат санын қысқарту түріндегі өзгерістер,  қызметші қайтыс болған жағдайдағы  бiржолғы жәрдемақы,  ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік қызметшілерге заңнамада көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары және т.б.) және оның нәтижелері бойынша ден қою жұмыстарын ұйымдастыру

2026 жылдың ішінде 2 рет, маусым және желтоқсан айларында

Мемлекеттік орган басшысына ұсыныс

және Агентікке ақпарат

5.2.

Қызметтік әдепті бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тартудың мәніне жасалған талдау қорытындысы  бойынша мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылу жағдайлары бойынша басшылыққа тиісті ұсыныстар  енгізу 

2026 ж.

қазан айында

Мемлекеттік орган басшысына ұсыныс

және Агентікке ақпарат

6. Ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін
өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу іс-шаралары

6.1.

Ұжымда жағымды атмосфера құру үшін әдептілік құндылықтарын дәріптеу бойынша іс-шараларды  ұйымдастыру

2026 жылдың

ішінде

Агентікке ақпарат

6.2.

Ұжымдағы қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін бағалау және оны жақсартуды анықтау үшін сауалнама жүргізуді  ұйымдастыру

Тоқсан сайын 

Мемлекеттік орган басшысына ұсыныс

 және Агентікке ақпарат

6.3.

Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу жөнінде құрылымдық бөлімше басшыларына ұсынымдар енгізу

Мереке күндеріне орай

Заңнамамен көзделген көтермелеулер

6.4.

Жеке және заңды тұлғалардан, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерден келіп түскен арыз-шағымдардың себептеріне талдау жасау және оның қорытындысы бойынша басшылыққа ұсыныс енгізу

2026 жылдың ішінде екі рет

маусым және желтоқсан айларында

Мемлекеттік орган басшысына ұсыныс және Агенттікке

ақпарат

 

 

Агенттік – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;

ҮЕҰ – Үкімет емес ұйымдар.

* Үлгілік жоспардың орындалуы жөніндегі ақпаратты Агенттікке тоқсан сайын (тоқсан сайынғы есебімен) жолдау.

** Әдеп жөніндегі уәкіл қажет деп санайтын басқа да іс-шаралармен Үлгілік жоспарды толықтыруға болады.

*** Профилактикалық жұмыс тиісті фактілер анықталған уақыттан бастап 6 айға дейін, әр екі ай сайын 1 рет  өткізіледі. Егер, оң нәтижелер болмаған жағдайда, әдеп жөніндегі уәкілмен тағы 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін.

 

 

Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары
Дата публикации
27 апреля 2026