Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға (Қазақстан Республикасыны Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдарға, сондай-ақаталған функцияларды орындауға уәкілетті кандидаттары болып табылатын тұлғалардың алған сыйлықтарын мемлекеттік мүлікті басқару немесе жергілікті атқарушы органға тапсыру бойынша
Жадынама
Сыйлықты тапсыру тұлғаның сыйлықты сатып алу немесе оны сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламасын (бұдан әрі – хабарлама) қоса тіркеп, белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган немесе ЖАО жасайтын тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен қатар сыйлық сатып алынатын жағдайда хабарламада жоғары тұрған лауазымды тұлғаның сатып алуға келісімі туралы белгісі (аты-жөні, лауазымы, мөрмен расталған қолы) қойылады.
ЖАО-ға тапсырылған сыйлықтар жоғарыда аталған мерзім ішінде есепке алуды, сақтауды және бағалауды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға беруге жатады.
Бұл ретте тұлғаның ЖАО-ға тапсырған сыйлықтары бойынша бағалау өткізу және сатып алу-сату шартын жасау мерзімі жергілікті атқарушы органнан тиісті хабарлама алынған сәттен бастап саналады.
Анықтама ретінде: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 472-бабы 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi уәкiлеттi органға толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұліс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік қарастырылған.