Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қамысты ауданында Қамысты ауылында дене шынықтыру-сауықтыру орталығын салу жобасы жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов әкімдік отырысында әлеуметтік нысандарды уақытылы іске асыру және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру қажеттігін баса айтты.
Бұл жобаны жүзеге асыру спорт инфрақұрылымын дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасауға, сондай-ақ аудан тұрғындары үшін бұқаралық спорттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Құрылыстың барысы ерекше бақылауда, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
#қамыстыауданы #камыстинскийрайон