Жастар саясаты және еріктілік (2025 жылғы 1 шілдеге)

Жастар саясаты және еріктілік (2025 жылғы 1 шілдеге)

Жастар саясаты және еріктілік (2025 жылғы 1 шілдеге)
* Елімізде 5,7 млн жас бар.
* Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін "Наурыз" және "Отау" жеңілдікті тұрғын үй бағдарламалары іске асырылуда, оларға 219,8 млрд теңге бөлінді. Осының арқасында 5,4 мың жас азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді
* "Отбасы банк" АҚ жұмыс істейтін жастар үшін жеңілдікті мөлшерлемесі бар "Наурыз жұмыскер" жаңа өнімін әзірледі.
* Еліміздің 18 өңірінде жас мамандарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар жұмыс істейді.
* Жастарды жұмысқа орналастыру үшін:

* Астанада "Jol Tap" бағдарламасы жүзеге асырылуда.
* Алматыда, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында – "Jumys Tap".
* 2025 жылы 2025-2027 жылдарға арналған жалпы бюджеті 720 млн теңгені құрайтын алты бағыт бойынша (оның ішінде тәуелділіктің алдын алу және құқықтық/қаржылық сауаттылықты арттыру) гранттық жобалар басталды.
* Өңірлерде стартаптарды қолдайтын және даму институттары ("Даму" КДҚ, "ауыл аманаты" жобасы және т.б.) арқылы шағын несиелер беретін жастар бастамалары орталықтары жұмыс істейді.
* Еріктілердің Ұлттық фронт-офисі және 20 өңірлік офис жұмыс істейді. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында басым бағыттар бойынша 2 мыңнан астам волонтерлік іс-шаралар** өткізілді.
---
Құқықтық тәртіп және қауіпсіздік

* 2025-2030 жылдарға арналған Заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы қабылданды.
* Жергілікті қоғамдастықтардың (ақсақалдар, Құрметті ауыл тұрғындары, ШҚ басшылары) құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы нығайтылуда.
* 370 елді мекенде алкогольден толық бас тартылды, бұл осы ауылдардағы қылмысты болдырмауға мүмкіндік берді.
* Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес күшейтілді: байланыс операторларымен бірлесіп, ауыстырылатын нөмірлерден халықаралық қоңыраулар үшін техникалық кедергілер енгізілді. 2022 жылдан бастап 67 млн-нан астам қоңырау бұғатталды, 74 SIM-бокс және 89 мың sim-карта анықталды.
Алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдары мен байланыс операторлары арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.
* Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары әзірленуде.
* Мамандандырылған бөлімшелер енгізілді