10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысу үшін құжаттарын тапсырды
13 шілдеде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Бірінші күннің қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.