«Келешек мектептері: жаңа буын мектебінің моделі еліміздегі барлық жалпы білім беру ұйымының дамуына негіз болмақ
«Жайлы мектеп» жобасының басты міндеттерінің бірі – жаңа технологиялар мен әдістерді тиімді қолдана алатын білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету. Мұнда педагогтердің кәсіби даму үдерісі үздіксіз жүргізілуге тиіс. Осы мақсатта мұғалімдерге арналған жаңа педагогикалық тәсілдер, заманауи әдістемелер мен цифрлық құралдарды меңгеруге бағытталған бағдарлама әзірленді. Бүгінде 3000-нан астам мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Алдағы уақытта басым бағыттар бойынша барлық педагог оқытумен қамтылатын болады. Бұл елімізде кәсіби құзыреттіліктерді дамытудың бірыңғай стандартын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ОКҚ брифингінде айтты.