
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының алдын алу шараларының жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі.
Ұйымдастырушылық-өкімдік функциялар – Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен бағыныстылар орындауға міндетті бұйрықтар мен нұсқаулар беруге, сондай-ақ бағыныштыларға қатысты көтермелеу шаралары мен тәртіптік жазалар қолдануға берілген құқық.