Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, оларға арналған тіркемелердің, оның ішінде монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелердің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің кепілдерін мемлекеттік тіркеу қағидалары.

Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.