
🇰🇿 🥊 Сабыржан Аққалықов бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Қазақстандық боксшы Ұлан-Батырда өтіп жатқан құрлықтық біріншілікте медальмен қамтамасыз етті.
▫️ 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Аққалықов жапондық Тайгу Ягиді сенімді түрде жеңді. Үш раунд бойы қазақстандық жекпе-жектің барысын бақылап, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
▫️️ Жартылай финалға шығу спортшыға турнирдің кем дегенде қола жүлдесіне кепілдік береді.