Мемлекеттік қызметті жеке менеджер арқылы алу: сервис қалай жұмыс істейді

2025 жылы 6

2025 жылы 60 мыңнан астам қазақстандық мемлекеттік қызметтерді жеке менеджер арқылы алуды таңдаған. «Жеке менеджер» қызметі халыққа қызмет көрсету орталықтарында, көшпелі қызмет көрсету форматында да қолжетімді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы.

«Жеке менеджер» қызметі барлық ХҚКО-ларда, оның ішінде мамандандырылған орталықтарда көрсетіледі және басымдықпен қызмет алуға мүмкіндік береді. Қызметті пайдалану үшін тіркеу орнына жүгініп, келісімшарт жасау қажет. Осыдан кейін маман құжаттарды рәсімдеудің барлық кезеңінде қызмет алушыға жеке көмек көрсетеді.

Қызмет құны халыққа қызмет көрсету орталықтарында – 5 697 теңге, ал мамандандырылған ХҚКО-ларда – 6 306 теңге.

ХҚКО-ға түрлі себептермен келе алмайтын азаматтар үшін жеке менеджердің көшпелі қызмет көрсету форматы қарастырылған. Маман алдын ала берілген өтінім негізінде келісілген уақыт пен мекенжайға барады. Көшпелі қызмет көрсету құны – 7 447 теңге. Бұл сомаға ұйымдастыру және логистикалық шығындар кіреді.

Айта кетейік, көшпелі формат ХҚКО-ның мемлекеттік қызметтері бойынша ұсынылады. Алайда паспортты, жеке куәлікті, жүргізуші куәлігін рәсімдеу және көлік құралдарын қайта тіркеу қызметтері бұл форматта көрсетілмейді.

Аталған қызмет әсіресе кішкентай баласы бар ата-аналар, жұмыс кестесі тығыз азаматтар және кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие. Дегенмен оны кез келген өтініш беруші өз қалауымен пайдалана алады. Бұл формат қызмет алуды алдын ала жоспарлап, күту уақытын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Жеке менеджердің көшпелі қызметіне өтінім беру үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтындағы «Қызметтер» бөліміне өтіп, «Жеке менеджердің үйіне бару» бөлімін таңдау қажет. Одан кейін «Өтінім қалдыру» батырмасын басып, қажетті мәліметтерді толтыру керек.

Өтінім жіберілген соң көрсетілген телефон нөміріне растау коды бар SMS-хабарлама жолданады. Бір жұмыс күні ішінде оператор өтініш берушімен байланысып, қызмет көрсету уақыты мен өзге де мәліметтерді нақтылайды.

Сонымен қатар, 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы кеңес алып, өтінім қалдыруға болады. Кеңес берілгеннен кейін өтініш берушіге жеке менеджерді үйге шақыру үшін арнайы сілтеме SMS арқылы жіберіледі.

Мемлекеттік корпорация азаматтардың қажеттіліктерін ескеретін және мемлекетпен өзара байланысты жеңілдететін қызметтерді кезең-кезеңімен енгізуді жалғастырады.

0 мыңнан астам қазақстандық мемлекеттік қызметтерді жеке менеджер арқылы алуды таңдаған. «Жеке менеджер» қызметі халыққа қызмет көрсету орталықтарында, көшпелі қызмет көрсету форматында да қолжетімді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы.