Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кедендік әкімшілендіру саласындағы жұмыс қорытындылары шығарылды.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кедендік әкімшілендіру саласындағы жұмыс қорытындылары шығарылды.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кедендік әкімшілендіру саласындағы жұмыс қорытындылары шығарылды. Жыл басынан бері бюджетке 20,6 млрд теңге кедендік төлемдер түсті – бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119% өсім. Сондай-ақ валюталық бақылау бұзушылықтары бойынша да айтарлықтай сомалар өндірілді.

«Мамандар 400-ден астам материалды қарап шықты. Соның 252-сі бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жауапкершілікке тартылып, валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 108 млн теңге айыппұл өндірілді», – деді брифинг барысында Қостанай облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Ануар Саркитбаев.

Сонымен қатар спикер жаңа «Кеден» ақпараттық жүйесінің іске қосылуы, цифрлық сервистердің дамуы, онлайн-декларациялау мүмкіндіктері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың күшеюі туралы хабарлады. Департамент кедендік мемлекеттік қызметтердің 12 түрін көрсетеді. Жыл басынан бері 21 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның басым бөлігі электрондық форматта жүзеге асырылды.