Қазақстанда 60-қа жуық басым спорт түрі анықталады
Соңғы жылдары бюджет ресурстарын қайта бөлу үрдісі байқалады. Бұқаралық және жастар спортын дамытуға басты назар аударылады. Осыған байланысты кәсіби спорт клубтарын қаржыландырудың шекті деңгейі белгіленеді. Негізгі жаңалықтардың бірі 60-қа жуық басым спорт түрін анықтау болды. Бұл тізімге Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Параазия ойындарының бағдарламаларына кіретін пәндер, сондай-ақ Азия және Параазия ойындарында ұсынылған олимпиадалық емес спорт түрлері және ұлттық спорт түрлері кіреді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.