Зиянды шегірткелер

Зиянды шегірткелер

Қазақстанның солтүстігінде таралғандары:  итальяндық прус – Calliptamus italicus кресті  кішкене саяқ шегіртке -  Dociosturus brevicolis,  ақжолақты – Chortippus albomarginatus,  кресті – Pararcyptera microptera, қоңырқанатты – Stauroderes scalaris  саяқ шегірткелер, далалық атбас шегірткелер - Euchorthippus pulvinatus  және басқалар. Азиялық шегірткенің – Locusta migratoria тұрақты қоныстары Қазақстанның оңтүстік  жартысындағы ну қамысты жерлер, осы жерлерден олар басқа алыс өңірлерге тарала алады. Мароккалық  шегіртке – Dociostaurus maroccanus Thunb. Қазақстанның  оңтүстігінде таралған (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары).

Азиялық, мароккалық, итальяндық шегірткелер, анда – санда тұрандық және шөл далалық  шегірткелер кезендік өзгерістерге ұшырайды.  Олардың үйірленуі кезінде  бір шаршы метрде жүз және одан көп дернәсілдері боллады.  Үйірлі шегірткелердің сандары көбейген кезде, алғашқыда дернәсілдердің жиынтығы (кулиги), кейін олардан шегіртке  табындары пайда болады.

Барлық шугіркелердің ұзынша денесі, секкіруге қолайлы артқы аяқтары,  кеміргіш ауыздары, қатты дамыған  алдыңғы кеудесі, жіңішке үстіңгі қанаты, жалпақ,  желдеткішке ұқсас жиналатын қанаттары болады. Жылына бір ұрпақ береді. Ұрғашы шегірткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде тың жерлерде, жайылымдарда, құмдардың шутінде және т.б.  жерлерде  жұмыртқа  күйінде қыстайды. Шегірткелер жұмыртқалардан әр мезгілде шығады. Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас боп туады. Дернәсіл  30-40 күн дамиды. Даму кезеңінде дернәсіл 5 рет түлеп, 4-5 жас өтеді. Дернәсілдер және ересек шегірткелер әр түрлі өсімдіктерді зақымдайды: дәнді дақылдарды, майлық дақылдарды, көкөністерді, жайылымдар мен шабындықтарды. Тым көп көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді, олардың жер бетіндегі биомасса бөліктерін құтып  жібереді. Шегірткелердің көп жылдық динамикасында циклдік байқалады – қатты көбеюлері мен  депресиялық жайлар кезектесіп отырады.

Қамысты ауданы аумағында 2023 жылға арналған аса қауіпті зиянкестерге қарсы химиялық өндеудің болжамды көлемі 35 000 га құрады, оның ішінде итальяндық шегірткеге – 25000 га, азиялық шегірткеге – 10000 га.

Қамысты ауданында итальяндық шегіртке дернәсілдерінің инкубациялық кезеңдерін анықтау және санын есептеу бойынша зерттеулер 171500 га аумақта жүргізілді. Елді мекендердің жалпы ауданы 40028 гектарды құрады. Экономикалық зияндылық шегінен  жоғары аумақ 22574 гектарды құрады.

Ересек итальяндық шегірткелердің санын есептеу үшін мониторингтік зерттеулер 300 000 га аумақта жүргізілді. Итальяндық шегірткеге арналған ауыл шаруашылығы алқаптарының зерттелген ауданы 300000 гектарды құрады. 2024 жылға арналған өңдеудің болжамды көлемі – 172528 га.

2023 жылы 85000 га азиялық шегіртке дернәсіліне зерттеу жүргізілді. Азия шегірткелері залалданған аумақ 41073 гектарды құрайды. 2023 жылы ересек азиялық шегірткелерге мониторингтік зерттеулер 80 000 га аумақта жүргізілді. Азия шегірткелері залалданған аумақ 12520 гектарды құрайды. 2024 жылға арналған өңдеудің болжамды көлемі – 6957 га.

Күресу шаралары. Механикалық, агротехникалық, генетикалық, биологиялық, физикалық, интегралдық және химиялық.

ҚР АШМ АӨК МИК

«Республикалық фитосанитарлық

диагностика және болжамдар

әдістемелік орталығы»

Қамысты аудандық филиалының энтомолог                           С.Шефер