Алдын ала міндетті медициналық тексерулер (бұдан әрі – алдын ала тексерулер) мамандығы немесе оқуы бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік және жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуын болдырмау мақсатында жұмысқа немесе оқуға түсу кезінде жүргізіледі.Алдын ала қарап-тексеруден өткен кезде қызметкер немесе оқуға түсетін адам оның айналасындағыларға қауіп төндіретін және ауыр жұмыстар, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстар жағдайларында еңбекке медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылатын созылмалы аурулардың болуы туралы мәліметтерді дербес ұсынады. Медицина қызметкерлері алдын ала қарап-тексеруді жүргізу кезінде, аурулар анықталған жағдайда, зерттелушіні зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізе отырып, толық тексеруге жібереді. Алдын ала қарау деректері Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына қызметкердің немесе оқуға түсетін адамның денсаулық жағдайының орындалатын жұмысқа (оқуға) сәйкестігі немесе сәйкес .стігі және оның еңбекке (оқуға) қарсы көрсетілімдері бар екендігі туралы қорытынды ресімделе отырып енгізіледі. Алдын ала тексеруден өткен және зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істеуге жарамды деп танылған адамдарға медициналық анықтама беріледі.
Басқарма басшысының м.а. Сорокина А.А.