Кенелерден сақ болыңыз!

Кенелерден сақ болыңыз!

Ең қауіпті кезең басталды – мамыр және маусым айларының бірінші жартысында біздің өңірде иксод кенесінің шағу оқиғалары тіркеледі.

Кене арқылы жұғатын инфекциялар


Кенелер аса қауіпті жұқпалы ауруларды тасымалдаушы болып табылады. Оларға кене энцефалиті вирусы және Лайма ауруы жатады.
Тәжірибе көрсеткендей, бұл қауіпті аурудың табиғи ошағында кене энцефалитіне қарсы вакцинация – ең тиімді қорғаныс әдісі. Уақытылы егілген адам бұл аурумен мүлде ауырмайды немесе ауру жеңіл және асқынусыз өтеді. Иммундау кестесін сақтай отырып, өмір бойы иммунитетті қолдауға болады.

Вакцинация курсы екі екпеден тұрады, аралығы 1–7 ай. Әдетте, вакцинация күзде басталып, көктемде аяқталады (негізгі схема). Алайда көктемде (сәуір – мамыр айларында) жедел схема бойынша да вакцина салдыруға болады – алғашқы екі екпе 1 ай аралықпен егіледі.

Егер сіз кене энцефалитіне қарсы егілмеген болсаңыз


Егер сізді кене шақса және сіз кене энцефалитіне қарсы егілмеген болсаңыз, немесе сізде 3-тен аз екпе болса, не екпе кестесіндегі аралықтар бұзылған болса (бұл сіздің екпе сертификатыңыздан немесе медициналық мекемедегі база арқылы тексеріледі), онда сізге шұғыл иммунопрофилактика қажет. Ол үшін ересектер ауруханасындағы немесе балалар ауруханасындағы травмпунктке жүгіну керек. Қабылдау тәулік бойы жүргізіледі. Сонымен қатар, балаларға иммуноглобулин арқылы шұғыл алдын алу шарасы тіркелген емханада жұмыс уақытында (демалыс күндерінен басқа) жүргізіледі.

Шаққан кенені зерттеуге жіберу ұсынылады. Ол үшін ТІРІ кенені арнайы зертханаға дереу жеткізу қажет. Себебі иммуноглобулинді мүмкіндігінше ерте, яғни алғашқы 4 тәулікте (ең дұрысы – алғашқы тәулікте) енгізу қажет.

                                                               Сау болыңыз !

Басқарма басшысының м.а.                               Сорокина А.А.