Дезинфекция, дезинсекция, дератизация мәселелері

Дезинфекция, дезинсекция, дератизация мәселелері
    1. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу үшін Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында қолдануға рұқсат етілген құралдар пайдаланылады.
      Тұрғын үй-жайларда аса қауіпті (1-сынып) және жоғары қауіпті (2-сынып) құралдарды қолдануға жол берілмейді.
    2. Өз пәтерінде немесе үйінде дезинсекцияны өз бетінше жүргізетін адамдар дезинсекциялық препаратты таңдағанда затбелгідегі нұсқаулықты мұқият оқып, оның қауіптілік сыныбына назар аударуы қажет:
    • пәтерлер мен үйлерде орташа қауіпті (3-сынып) және аз қауіпті (4-сынып) құралдарды қолдануға рұқсат етіледі;
    • дезинсекция жүргізілмес бұрын көрші пәтерлер мен бүкіл кіреберістің тұрғындарын жоспарланған дезинсекцияның күні мен уақыты туралы алдын ала ескерту қажет, уланудың алдын алу мақсатында.

    Абайсызда зиян келтіргені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

    1. Өңдеуден кейін бөлмені кемінде 2 сағат бойы жақсылап желдету қажет.
      2. Инсектицидтік құралдармен өңделген үй-жайлар тазартылғанға дейін қолданылмауы тиіс. Тазарту үй-жайды мақсатты түрде пайдаланудан кемінде 3 сағат бұрын жүргізілуі қажет. Тазарту резеңке қолғап киіп, ас содасының ерітіндісімен (1 литр суға 30-50 г кальциленген сода) жүргізіледі.
      3. Өңдеу кезінде үй-жайда шылым шегуге, тамақ ішуге және су ішуге тыйым салынады.

    ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУ

    1. Қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе жазатайым жағдайлар орын алған жағдайда жедел улану дамуы мүмкін.
      2. Улану белгілері: ауызда жағымсыз дәм, әлсіздік, құсу, бас ауруы, жүрек айну (шылым шеккенде немесе тамақ ішкенде күшейеді), іштің ауыруы, көз қарашығының кішіреюі, тыныс алу жолдарының тітіркенуі, сілекейдің шамадан тыс бөлінуі.
      3. Улану белгілері байқалған жағдайда халықты, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін уақытылы хабардар етіп, жедел жәрдемге жүгіну қажет.

    АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

    1. Егер улану тыныс алу жолдары арқылы болса, зардап шегушіні таза ауаға шығарып, ластанған киімін шешу, ауызды таза сумен немесе 2% ас содасы ерітіндісімен шаю қажет. Содан кейін 1-2 стакан суға 10-15 таблетка белсендірілген көмір ерітіп, ішкізу керек.
      2. Препарат көзге кездейсоқ түскен жағдайда оларды бірнеше минут бойы ағын сумен немесе 2% ас содасының ерітіндісімен молынан шаю қажет.

     

     

    Басқарма басшысының м.а.                                                     Сорокина А.А.