2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіші 92,5% жетті Осы жылдың басынан бастап еліміздің өңірлерінде 64 мың орынға арналған 561 мектепке дейінгі ұйым ашылды, бұл кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 92,5%-ын мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
