📲eGov Business - кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қызметтер
💼Шағын және орта бизнес өкілдері eGov Business мобильді қолданбасының көмегімен мемлекеттік қызметтер мен сервистерді пайдалана алады.
💥eGov Business пайдаланушылары енді бірнеше рет басу арқылы заңды тұлғаның бірінші басшысын тіркей алады, ЭЦҚ шығаруға өтінім бере алады, QR арқылы түрлі құжаттарға қол қоя алады. Қолданбада барлығы 33 eGov қызметіне және eLicense порталының 399 қызметіне (80 лицензияны, 266 рұқсатты, 52 хабарламаны және 1 анықтаманы қоса алғанда) қолжетімділік ұсынылады.
Мобильді қосымшада жеке кабинет ретінде жұмыс істейтін бірінші басшының профилінде:
- заңды тұлға туралы ақпарат;
- филиалдар мен лицензиялар туралы деректер;
- басқа заңды тұлғаларға қатысқан жағдайда еншілес компаниялар туралы ақпарат;
- заңды тұлғаның мүлкі туралы құжаттар мен деректер қолжетімді.
🌐Қолданбаны App Store және Play Market қолданбалар дүкендерінен жүктеп алуға болады.