Қазақстан Республикасында 2024 жылғы 21-27 сәуір аралығында Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі.
Мақсаты ЕИА-әр адам үшін ұзақ және салауатты өмір сүруге ықпал ететін вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің маңыздылығын атап өту
2024 жылғы Еуропалық иммундау апталығының ұраны: «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау».
Профилактикалық егулерді жүргізу балалар үшін де, ересектер үшін де өте маңызды.
Еуропалық иммундау апталығына белсенді қатысыңыз!
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!
"Қамысты санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы" СЭК бөлімінің басшысы Д.Искиндирова