Кадастрлық (бағалау) құн-мемлекет жер учаскесін немесе оған жалдау құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі және оларға түзету коэффициенттері туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептік құны;
Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) - жер учаскелерінің сапалық және сандық сипаттамаларын, оның ішінде олардың шекаралары туралы, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;