"БЖЗҚ" АҚ-да " Ашық есік күні"

"БЖЗҚ" АҚ-да " Ашық есік күні"

"БЖЗҚ" АҚ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде 2024 жылғы 15 наурызда "Зейнетақы заңнамасындағы жаңашылдық: ЖМЗЖ" тақырыбында "Ашық есік күнін"өткізеді. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда көп деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Оған базалық және ортақы зейнетақылар, сондай-ақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін азаматтардың зейнетақы жинақтары есебінен қалыптасатын зейнетақы төлемдері кіреді.

Онлайн-кездесу форматында өтетін іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға 2024 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің (ЖЗЖ) жаңа құрамдауышын - зейнетақыларының мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей тәуелді болатын қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қолдауға бағытталған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізу туралы айтып береді.

Іс-шараға қатысушылар ЖМЗЖ мөлшері неге байланысты болатынын, сондай-ақ, жұмыс берушіге жүктеменің қалай теңгерілгенін және ол үшін қандай салық жеңілдіктері қарастырылғанынан хабардар болады. Қор қызметкерлері ЖМЗЖ-ны қалай дұрыс және нақты кім үшін төлеу керектігін, сондай-ақ, жарналардың басқа түрлерінен қандай айырмашылығы бар екені туралы түсіндіреді.

Онлайн кездесуге барлық ниет білдірушілер, сондай-ақ, БАҚ өкілдері шақырылады. Аталмыш шара Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жаңалықтарды жариялауға тартылған жұмыс берушілерге де, журналистерге де пайдалы болады деп үміттенеміз.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.

Сізден сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз "Ашық есік күні" онлайн-форматта 2024 жылдың 15 наурызында орыс тілінде  сағат 10:00 (Zoom), 14:00 (Zoom), қазақ тілінде сағат 12:00 (Zoom), 16:00 (Zoom) онлайн-форматта өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді kostanay@enpf.kz электрондық мекен-жайына жолдау қажет. Онда өзіңіз туралы мәліметтерді, яғни ТАӘ, қатысу күні және WhatsApp телефон нөміріңізді (шақыру-сілтеме жіберу үшін) көрсетуіңіз қажет. Шақыру сілтемесі Сізге іс-шараның басталуына дейін жіберіледі.