Картоптың зиянды жәндіктері Түсініктеме

Картоптың   зиянды жәндіктері Түсініктеме

Картопты көп қоректілермен қатар, бейімделген зиянкестерде зақымдайды. Жер бетіндегі мүшелерін гамма көбелектердің жұлдызқұрттары, карадриналар, колорад қонызы, бітелер,цикадалар, қандалалар зақымдайды, картоп түйнектерін бұзаубастар, сымқұрттар, жалған сымқұрттар, тақтамұртты қоңыздардың, кеміргіш көбелектердің жұдызқұрттары, егістік шырышы және  сабақ нематодасы зақымдайды.

Көп қоректі болып табылатын бітелердің, қандалалар мен цикадалардың көптеген түрлері картопты зақымдайды және вирустық ауруларды таратушылар болып табылады.

Картоптың колорад қоңызы. Картопты, қызынақты, баялдыны, бұрыш пен темекіні зақымдайды, сондай-ақ олар жабайы өсетін алқа тұқымдастарымен де қщректенеді. Қоңыз сопақша пішінді, ұзындығы – 9-12 мм, алдыңғы арқасы мен қанатының үсті сарғыш түсті.  Басында үшбұрышты қара дақ, алдыңғы арқасында он бір қара дақ болады, ортасындағы дақ  V  рим цифріне ұқсайды, ал әрбір қанат қабығында бесбестен ұзынша қара жолақтар орналасқан.

Дернәсілдің ұзындығы – 15-16 мм, бүкір денелі, басы мен аяқтары және денесінің бүйіріндегі ұзынша екі қатар дөңестер қара тусті.  Бір  жастағы дернәсіл қара сұр, екі жастағы – қызыл, үш пен төрт жастағылар – қызғылт сары тусті болады.

Қоныздар топырақта 15-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде 20 см тереңдіктегі топырақ 14-150 С дейін қызғанда, қоңыздар оның бетіне шығады. Олар картоп пен басқа өсімдіктердің жер үсті бөліктерімен қоректенеді. Қорек іздеген қыстап шыққан қоңыздар ұша алады, олар 1-1,5 км қашықтыққа дуйін жете алады. 170 С жоғары температурада жұптасып, жұмыртқа салады.  Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын  картоптың жоғарғы  жапырақтарының астына, әрбір ұяға 30-40 жұмыртқадан салады. Өсімталдығы 900- ден 2000 жұмыртқаға дейін өзгеріп тұрады. Ұрықтық даму қоршаған орта жағдайына қарай 7-14 күнге  созылады.  Колорад қонызының құрттары 20-30 күн бойы жапырақтармен қоректенеді. Даму кезеңі аяқталғанда, олар топыраққа, 8-10 см тереңдікке кетіп, сонда қуыршақтанады. 1-2 аптадан кейін жаңа ұрпақ қоныздары пайда болады, олар картоп жапырақтарымен қоректенеді. Бірінші – екінші жастағы құрттар жапырақта қисық формадағы саңылаулар тесіп шығарады.  Ересек жастағы құрттар мен қоңыздар жаппай жапырақтар мен сабақтарын жейді де, нәтижесінде өсімдіктің өсуі баяулап, картоптың түсімі төмендейді. Күн қатты ысып құрғақшылық болғанда жекелеген қоңыздар диапаузаға кетеді, ал кейбіреулерінің 2-3 жылдан 5 жылға дейін диапаузаға кете алатын қабілеттері бар. Тіршілік циклінің өзгергіштігі колорад қщңызының әр түрлі қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады.  Таралу аймағына байланысты колорад қонызы жылына 1-3 ұрпақ бере алады.

Күресу шаралары.  Картоптың аз зақымданатын сұрыптарын пайдалану. Тыңайтқыштар енгізу, топырақты  уақытылы қопсыту, картопты түптеу және арамшөптерді отау. Әр түрлі мезімдерде қатарлар арасында сөлді өсімдіктер егіп, пайдалы энтомофагтарға қолайлы жағдайлар туғызу. Кішірек  алқаптарда қоңыздарды, құрттарды және колорад қоңызының жұмыртқаларын қолмен жинап, жоюға болады. Гендік инженерия әдістерімен инсектотоксикалық белок синтезін бақылайтын, геномында Bacillus thuringiensis  бактериялы гені картоптың трансгендік формаларын бойынша зерттеулер жүргізілуде. Вегетация кезеңінде әрбір сынамада 10 қатар түптен 100 ден 500 сынамадан немесе алқап диагоналі бойынша қатарда 2 түптен келеді. ЭЗШ саны – 5-8 %  қыстап шыққан қоңыздар  мен құрттар орын алған түптер, шанақтау – гүлдену кезеңінде 1 түпке 20 құрттан келетін 10% түп. Картоп егістерін «Тізімде...» келтірілген инсектицидтердің бірімен өңдейді.

 Картоптың сабақ нематодасы – Ditylenchus destructor Thorne.

Картопты, шамалы түрде асбұршақты, сәбізді, қызанақ пен кейбір басқа дақылдарды зақымдайды. Ересек нематодалары құрт тәрізді формада, алдыңғы және артқы жағына қарай кішірейіп келетін жұқа шыны тәрізді түссіз денесі бар.  Ұзындығы – 0,7 – 1,3 мм. Личинкалары кішірек. Нематода бірнеше ұрпақ береді. Бір ұрпағы 15 тен 45 күнге дейін дамиды. Нематодалар картоп түйнектерінде сақталады.

Картоп екпе материалы арқылы зақымданады. Нематодалар  жас сабақтарға еніп, өсімдіктің өсуін тоқтатады.  Зақымданған өсімдіктерде жапырақтар өте кішкентай және толқынды. Түптің төменгі қабатындағы жапырақтарөліп қалады, қалғандары солып, сарғайып кетеді. Нематодалар қалыптасып келе жатқан түптерге енеді. Бұдан  кейін түптерде қисық формалы сұр дақтар пайда  болады,  ал сақтау кезеңінде – түптердің жоғарғы бутінде бастапқыда татты – қоңыр ұсақ жарықшалар, одан кейінірек түптердің толықтай бұзылуына және құрғақ шіріктің дамуына әкеліп соқтырады.

Күресу шаралары. Тек сау түйнектерді  ғана отырғызу қажет. Сақтауға жіберу алдында тиянақты іріктеу жүргізіледі. Түптерді  сақтау ережелерін орындау  қажет  (85-90 %  ылғалдылық, температура +1 +30 С деңгейде).

энтомолог

Қазақстан Республикасы

Агроөнеркәсіптік кешендегі

мемлекеттік инспекция комитетінің

«Республикалық фитосанитариялық

диагностика және болжау әдістемелік

орталығы» республикалық мемлекеттік

мекемесінің Қамысты аудандық филиалы                               С.Шефер