Ұлттық спорт түрлері бойынша XI облыстық фестивальдің салтанатты ашылуы

Ұлттық спорт түрлері бойынша XI облыстық фестивальдің салтанатты ашылуы

Құрметті қамыстылықтар!

2023 жылғы 7 қазанда сағат 11.00-де "Юность" стадионында ұлттық спорт түрлері бойынша XI облыстық фестивальдің салтанатты ашылуы өтеді.

Ауданның үш алаңында ("Юность" стадионы, № 1 КСМ спорт залы, БЖСМ) спорттың келесі түрлері бойынша спорттық іс-шаралар ұсынылады: қазақ күресі, қой көтеру, арқан тарту, тоғыз құмалақ, асық ату, қол күресі.

Сондай - ақ, бұл фестивальде Азия, Әлем чемпионаттарының атақты жүлдегері, амрестлингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қажымұқанның рекордын жаңартқан атақты балуан Спатаев Темір Дәулетбақұлы өнер көрсетеді.

Барлық қамыстылықтардан фестивальге қатысып, үздік спортшыларға қолдау көрсетулерін сұраймыз!