Қамысты ауданының прокуратурасы «Балалар – ұлт болашағы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде кәмелетке толмағандардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс атқаруда.
Аудан прокуратурасының үйлестіруімен алимент бойынша 3 борышкер жұмысқа орналастырылды, бұл оларға баланы асырау бойынша міндеттерін орындауға мүмкіндік береді.
Алимент төлеуден жалтарған адамдар, жалтару мерзіміне байланысты әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Мәселен, аудандағы алимент бойынша 5 борышкер алимент төлеуден жалтаруына байланысты қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ағымдағы жылы аудан прокуратурасының қадағалау актілері бойынша борышкерлерден 4 786 493 тенге мөлшерінде алименттер өндірілді.
Аудан тұрғындарына ескертеміз, әр ата-ананың міндеті – ол өз баласын асырау, міндеттерді орындамау заңда белгіленген жауапкершілікке соқтырады.
Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылады.