Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні

Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету туралы тапсырмасына сәйкес 2023 жылғы  14 маусым күні сағат 10.00-18.00 дейін  Қамысты ауданы әкімі Ғ.Е. Бекмұхамедовпен «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» Қамысты а. Косьмы көш. 19 мекен-жайы (аудандық Мәдениет үйі) бойынша өтеді.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.

Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 21-0-63 телефоны бойынша алуға болады.