Үш компонентті интеграцияланған жүйенің артықшылықтары

Үш компонентті интеграцияланған жүйенің артықшылықтары

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе – деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарлардың есепке алынуын автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын ЖК үшін ҮИЖ қолданудың артықшылықтары: 1) салық кезеңі үшін, яғни жарты жылдық үшін кіріс шегі 24 038 АЕК-тен 94 086 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. 2) ҚҚС бойынша шек 30 000 АЕК-тен 144 184 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

       Алайда, бұл ұлғаю ҮИЖ-ді пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда (яғни банк карточкалары арқылы сатып алушылармен есеп айырысу) жүргізілетін айналымдарға ғана қолданылатынын ескеру қажет.

       Салық кодексінде сондай-ақ үш компонентті интеграцияланған жүйені сатып алуға жеке табыс салығының сомасын 60 мың теңгеге, бірақ бір жылға есептелген салық сомасының 50% аспайтын мөлшерде азайту көзделген.

       Бұл жүйе жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін есепке алуын және орындауын жеңілдетуге арналған.