Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен онлайн кездесу өткізді.
Министр Тереза Рибейроға президент жүргізіп жатқан реформалар туралы, министрліктің отандық БАҚ саласын дамыту, журналистердің құқықтарын қорғау және мәртебесін көтеру, ақпаратқа қолжетімділік саласындағы қызметі туралы айтып берді.
Тереза Рибейро Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда жүргізіп отырған реформаларында БАҚ-ты дамытуға да көңіл бөлініп отырғанын атап өтіп, БАҚ туралы заң жобасы бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін мәлімдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша Дархан Қыдырәлі Тереза Рибейроны Astana Media Week шарасына шақырды.