Тауарларды таңбалауды енгізу мәселесін отандық тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер талқылады

Тауарларды таңбалауды енгізу мәселесін отандық тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер талқылады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде тауарларды таңбалау бойынша пилоттық жобаларды енгізу үдерісінде туындайтын негізгі нәтижелер мен қиындықтар талқыланды.

«PharmMedIndustry of Kazakhstan» фармацевтикалық және медициналық өнімдерді өндірушілер қауымдастығы тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінде шетелдік өндірушілерді тіркеуге және таңбаланған дәрілік заттарды таратуға қатысты проблемаларды жариялады.

«Өнімдерді таңбалау жобасын жүзеге асырудың негізгі міндеті – тауарлардың еркін және заңды айналымын, ашықтықты қамтамасыз ету. Біз мүдделі қатысушылармен әрбір өнім тобы бойынша барлық мәселелерді қарастыруымыз керек», - деп түйіндеді жиынды Серік Жұманғарин.

Анықтама үшін: Көлеңкелі нарықпен күрес құралы ретінде тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау 2018 жылы Қазақстанда іске қосылды. 2022 жылдың 4 қазанынан бастап 4 өнім тобына міндетті таңбалау енгізілді: аң терісі мен темекі бұйымдары, аяқ киім, дәрі-дәрмек. Қапталған суды, қант қосылған сусындар мен зергерлік бұйымдарды таңбалау бойынша пилоттық жобалар жүргізілуде.