Әбдірахман НАЙЗАБЕКОВ, Рудный индустриялық институтының ректоры, т.ғ.д, профессор, академик:

Әбдірахман НАЙЗАБЕКОВ,  Рудный индустриялық институтының ректоры, т.ғ.д, профессор, академик:

«БАР САЛА ҚАМТЫЛДЫ»

Қазір Қазақстан Республикасының экономикалық ұлттық жүйесі геосаяси ахуалдың шиеленісуімен және санкцияның ықпалымен дамуда. Серіктестер мен контрагенттердің талаптарының сақталуы, АҚШ пен Еуроодақтың шектеуін болдырмау сияқты жұмыстар күн тәртібінде тұр.
Қалыптасқан жағдайда Қазақстанға басқа да саяси тәуекелдер тән екені сөзсіз. Бірақ елде жүргізіліп жатқан саяси жүйенің модернизациялық өзгерістері оларды едәуір азайтады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында одан әрі саяси өзгерістерге баса назар аударғаны ерекше мәнге ие. Өйткені Әділ Қазақстанды құруға бағытталған бағыт ел ішіндегі сілкіністер ықтималдығын барынша азайтады және саяси жүйені ырықтандыру стратегиясын таңдауды білдіреді.
Президент Қазақстан халқына Жолдауында жария еткен мәселелердің үлкен бөлігі әлеуметтік бағдарланған. Өйткені, әлеуметтік реформалар әділетті және дамыған Қазақстанды құруға бағытталған және әрбір азаматқа тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Мемлекет басшысы ұсынған өте маңызды бастама – Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-ын балалардың кәмелетке толғанға дейінгі арнайы жинақтаушы шоттарына аудару туралы айтқаны. Ақша тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама береді.
Білім беру саласындағы әлеуметтік құрамдас бөлік айтарлықтай күшейтілді. Бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға мемлекеттік тапсырыстың көлемі ұлғайтылды; кадрлар даярлаудың техникалық бағыттарына бөлінетін мемлекеттік тапсырыстың үлесі артты; халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына және мамандандырылған, әскерилендірілген ұйымдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына гранттар беру жөніндегі нормалар енгізілді.
Жүргізіліп отырған саясаттың сабақтастығын сақтай отырып, мемлекет бұдан әрі де білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, олар ҰБТ нәтижелері мен өзге де көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша 30-дан 100%