Бүгін қазақ киносының күні

Бүгін қазақ киносының күні

Амангелді қазақтың тұңғыш фильмі болып саналады.

«Ленфильм» киностудиясында түсірілген фильм ұлы батыр Амангелді Иманов туралы сыр шертеді.

Қоюшы режиссер Марк Левин болса, Амангелда рөлін актер Елубай Өмірзақов сомдады.

Қазақ киносының одан әрі дамуы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарына түсті. Алматыда «Ленфильм» және «Мосфильм» киностудиялары жұмыс істей бастады.

1941 жылы 12 қыркүйекте Алматы қаласында көркем және деректі фильмдер студиясы фильмдер түсіре бастады.

Кейін ол «Қазақфильм» болып өзгертілді.

2005 жылы Қазақ кинематографистер одағының басшысы Бауыржан Нөгербеков 12 қыркүйекті Қазақ киносы күні деп атауды ұсынды.

ҚазАқпарат