Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистратура және докторантура түлектеріне дипломдарды тапсыру рәсіміне қатысты.
Сенат Төрағасы университет түлектерінің алдында сөйлеген сөзінде олардың мемлекетіміз үшін өте жауапты және маңызды кезеңде оқуын аяқтап жатқанын атап өтті.
«Конституциялық реформа Жаңа Қазақстанның негізін қалады. Онда әлеуметтік әділеттілік басты құндылық болмақ. Ал мұндай Қазақстанды ең алдымен жастар құру керек», – деді Мәулен Әшімбаев.