Қоғамдық мониторинг жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының тармақтарын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың қараша айында Қамысты ауданының үкіметтік емес ұйымдарының (ҮЕҰ) өкілдері "Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қамысты ауданының білім бөлімі" ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына Азаматтық бақылау жүргізді.
Бөлім ғимараты барлық қажетті жағдайлармен жабдықталған, ғимараттың жанында «Мүгедек» деген айырым белгісі бар тұрақ орны бар.
Ғимаратта жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға арналған пандустар, тұтқалар, ернеулер бар (кіру тобында және ғимарат ішінде).
Барлық санитарлық талаптар сақталады. Ғимаратқа кіре берісте қолды өңдеуге арналған құралдар бар, барлық қызметкерлер бетперде кию режимін сақтайды.
Мемлекеттік мекеме «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
«Қостанай облысы әкімдігінің Қамысты ауданының білім бөлімі» ММ ресми сайтында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша толық ақпарат, көрсетілетін қызметті беруші органдардың байланыстары бар.
Қамысты ауданы әкімінің аппараты ММ
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау, олардың мониторингі және ақпараттық технологиялар қызметінің бас инспекторы
Серікбаева Галина Евгеньевна
Анықтама телефоны - 8-714-37-21-0-63