Қостанайлықтар төлқұжатты немесе куәлікті ресімдеуді QR-код көмегімен төлей алады

Қостанайлықтар төлқұжатты немесе куәлікті ресімдеуді QR-код көмегімен төлей алады

 ХҚО-ларда төлқұжат пен жеке куәлікті ресімдеген клиенттер мемлекеттік бажды QR-кодтың көмегімен төлей алады. Азаматтарға арналған үкімет ҚР ІІМ - мен бірлесіп, көші-қон қызметі операторынан бірден төлем қабылдау мүмкіндігін іске асырды. Бұған дейін мұндай мүмкіндікті тек Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары ғана пайдалана алатын.

 Клиент төлқұжат пен жеке куәлікті ресімдеуге өтініштер қабылдайтын көші-қон қызметі операторына жүгінген сәтте, кассаға бармай-ақ бірден Homebank немесе Kaspi банк қосымшаларының QR төлем жасау жүйесі арқылы баж алымын төлей алады.

"Бірнеше секунд ішінде төлеу - бұл әрбір екінші қазақстандық азаматы үшін қол жетімді цифрлық шындық. QR-төлемдер барлық сауда, мәдениет, ойын-сауық сегменті объектілерінде барлық жерде пайдаланылады. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында да біз жаңа цифрлық мүмкіндіктерді енгізуге тырысамыз. Бұрын QR-кодпен жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, кондоминиум объектілері бойынша қызметтерді және жер қатынастары саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтерді төлеуге болатын. Енді кассаға кезексіз және құжаттандыру қызметі үшін төлем жасауға мүмкіндік бар. Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері – 584 теңге, паспорт үшін-23 336 теңге. Қостанай облысының тұрғындарына жыл басынан бері жеке куәліктер мен төлқұжаттарды беру бойынша 73 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді", - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының PR-менеджері Ярослава Богатырева.

Азаматтарға арналған үкімет QR арқылы төлем жасау мүмкіндігін 2020 жылдың қараша айында енгізді. Бүгінде клиенттер 146 Мемлекеттік қызмет түрін осы тәсіл арқылы төлей алады.

Айта кетейік, корпорация арқылы 662 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.