Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 10 қазанда Қостанай облысында COVID-19-дың 96 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 27 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 28, Лисаков қ. – 10, Рудный қаласы және Қостанай ауданында – 8, Жітіқара қаласы және Б.Майлин ауданында – 6, Федоров ауданы– 5, Денисов, Қарабалық және Қамысты аудандарында – 4, Қарасу және Сарыкөл аудандарында – 3, Алтынсарин, Әулиекөлжәне Ұзынкөл аудандарында – 2, Науырзым ауданы – 1.
88 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 7 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 84 адамда ауру белгілері болды, 12 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 10 қазан аралығында COVID-19-дың 34 446 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 30 389. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 320 856 адам, екінші компонентпен 295 271 адам вакцинацияланды.