Аудандық мәслихаттың қоғамдық кеңесі мен тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы.

Аудандық мәслихаттың қоғамдық кеңесі мен тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы.

Бүгін,  2021 жылғы 11 маусымда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы болып өтті.

Мынадай мәселелер қаралды:   

  1. Мәслихаттың 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 411 «Қамысты ауданының 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.      Аудан бюджетін нақтылау Қамысты ауылындағы Ержанов көшесін орташа жөндеуге ақшалай қаражат бөлу қажеттілігіне байланысты болды.           
  2. «Шаруа қожалығын, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін жалдау шартында уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурсқа қойылатын Қамысты ауданы бойынша ауыл шаруашылық мақсатындағы  жер тізбелерін келісу туралы».    

         Осыған орай, ЖШС және ШҚ жүргізу үшін Қамысты ауылдық округіне, Аралкөл ауылдық округіне және Арқа ауылына жер қорынан жер учаскелерін бөлу туралы өтініштер келіп түскен.   

  1. «Мәслихаттың 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 352 «Әлеуметтік көмек    көрсетудің,   оның мөлшерлерін  белгілеудің  және  мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»  шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы».    

Мәслихат шешіміне өзгерістер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  НҚА сәйкеске келтіру мақсатында енгізілуде. 

Аудандық мәслихаттың депутаттарымен тиісті қаулылар қабылданған.