Көктемгі су тасқынына дайындық

Көктемгі су тасқынына дайындық

2021 жылғы 30 наурызда Қамысты ауданының ТЖБ қызметкерлері «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманымен бірлесіп көктемгі су тасқынына дайындық мақсатында өткізілді:
- су тасқыны салдарын жоюға тартылатын техниканы тексеру;
- Пушкин ауылының су тасқыны қаупі бар елді мекенінде орналасқан жер білігін тексеру үшін Адаев ауылдық округі әкімінің қатысуымен барып, білікті тексеруді көзбен шолып қарау актісін жасау жүзеге асырылды;
- Адаев ауылдық округінің Пушкин ауылы тұрғындарының аулаларын аралап, су тасқыны кезіндегі іс-қимыл және тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамалар табысталып, 19 аула қамтылып, 55 адамға нұсқау берілді;
-Қостанай-Қарабұтақ Республикалық А-22 тас жолында Ақтөбе облысының шекарасына дейін орналасқан су өткізу құбырларын тазартуды тексеру.