«Біз қызмет алушыларға қоңырау шалмаймыз», - деп Мемлекеттік корпорация Қостанайлықтарды алаяқтар туралы ескертеді

«Біз қызмет алушыларға қоңырау шалмаймыз», - деп Мемлекеттік корпорация Қостанайлықтарды алаяқтар туралы ескертеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қостанай облысы бойынша филиалы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді. Белгісіз адамдар телефон арқылы қоңырау шалып, өздерін мемлекеттік корпорацияның қызметкерлеріміз деп таныстырады сосын, мысалы, азаматқа төленетін әлеуметтік төлем туралы хабарлайды.

Өңір тұрғындарынан республикада жаңа әлеуметтік төлемдер бекітілді ме деген сұрақпен қоңыраулар жиілеп кетті. Белгілі болғандай, азаматтарға Мемлекеттік корпорацияның өкілдері қоңырау шалып, оларға тиесілі екендігі туралы хабарлайтындықтары белгілі болды. Ақшаны есептеу үшін, Сіз барлық несиелерді өтеуіңіз керек, салыстыру үшін жеке мәліметтеріңізді хабарлауыңыз керек.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қоңырау шалмайды, борышкерлердің деректер базасына кіре алмайды, сондай-ақ коллекторлық компаниялардың жұмысына қатысы жоқ. Егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаса немесе қандай да бір дәлсіздіктер анықталса, онда қызметтен бас тартылады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қырағылық танытуды және өзінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға хабарламауды  ұсынады»- деп атап өтті, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Қанат Төлепұлы.

Сонымен қатар, Филиал электрондық цифрлық қолтаңбаны мұқият қарауды, сондай - ақ, кілттері бар флэш-медианы ешкімге бермеуді ұсынады. Үшінші тұлғалар алаяқтық әрекеттер үшін, ЭЦҚ пайдалана алады.

 «ЭЦҚ-бұл біздің дербес деректеріміздің кілті, электрондық үкімет порталындағы біздің жеке кабинетімізге кіру. Егер парольмен электрондық цифрлық қолтаңба қаскүнемнің қолына түссе, онда ол оларды мүдделі азаматтарға тарата алады, заңды, қаржылық мәмілелер жасасу тәуекелі бар, автокөлікті қайта ресімдеу немесе бейтаныс азаматтардың пәтерге тіркелуі тәуекелі бар. Егер Сіз, электронды-цифрлық кілттер жазылған тасығышты жоғалтып алсаңыз, тез арада ЭЦҚ  жаңа кілттерін алуыңыз керек, содан кейін «ҚР ұлттық куәландырушы орталығы» сайтының жеке кабинеті арқылы жоғалғандарды қайтарып алуыңыз керек», - деп жалғастырды корпорацияның өңірлік Филиалының директоры.

Дәл сол себепті, Мемлекеттік корпорация азаматтарға электрондық қызметтерді жеке тұлғалардан ақылы түрде алуға кеңес бермейді. Мұны egov.kz. порталы арқылы өз бетінше ресімдеуге болады, ең танымал мемлекеттік қызметтер бойынша бейне нұсқаулықтар «Азаматтарға арналған үкімет» YouTube арнасында бар. Сондай-ақ, ХҚКО жанындағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларына жүгінуге болады, онда фронт-офистердің қызметкерлері кеңес береді.