Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат ​

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат ​

2021 жылғы 28 ақпанда Қостанай облысында COVID-19-дың 62 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,50 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласының 42 тұрғыны, Рудный қ. - 5, Лисаковск қ. және Б.Майлин, Меңдіқара аудандарында 1-ден, Жітіқара, Алтынсарин аудандарында 2-ден, Әулиекөл және Қостанай аудандарында 4-ден.
36 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 25 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 47 адамда ауру белгілері болды, 15 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 28 ақпан аралығында COVID-19-дың 12374 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 10900.