Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алу және жолын кесуге бағытталған бірқатар шаралар Заңмен қарастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі, азаматтардың хабардар болуы және  міндетті тұлғалардың этика нормаларының деңгейін арттыру болып табылады.

Заңнамада сыбайлас жемқорлық деп, заңда көзделмеген жеке қабылдау немесе  делдалдар арқылы мүліктік игіліктер мен мемлекеттік қызметті орындайтын тұлғалардың артықшылықтары мүліктік пайда алу үшін, сондай-ақ, оларға теңестірілген тұлғалармен өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланатын, сол сияқты осы тұлғаларды құқыққа қарсы жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтары арқылы сатып алу түсініледі. Сыбайлас жемқорлық қоғам сияқты - мемлекет пен қоғам негіздерін бұзатын әлеуметтік құбылыс. Ол ежелгі дәуірден бастап белгілі, барлығына тән әлемдік мәселе болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес - бұл ұзақ, ауыр және еңбекті көп қажет ететін көңілсіздер болмайтын процесс. Біздің барлық қоғам, кез келген оның түрлерінің жолын кесіп, оған қарсы тұруы тиіс. Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықты анықтау және жолын кесуді,  кінәлі адамдарға ескерту жасау және жауапкершілікке тартуды, өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік кірістер органының имиджіне кері әсерін тигізеді, салық төлеушілердің сенімін бұзады, мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуына қатер төндіреді, экономикалық және ұлттық қауіпсіздікке зиянын тигізеді. Бүгінгі таңда, сыбайлас жемқорлықпен күресу, мемлекеттік кірістер органдарында жүйелі және кешенді сипат алды. Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі негізгі назарды ескертулік  және алдын алу шараларын уақтылы қабылдауға аудару қажет. Осы мақсатта Қамысты ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасында мынадай іс-шаралар жүзеге асырылуда:

-Мемлекеттік кірістер қызметкерлерінің іс-әрекетін регламентттеу жолымен  салық төлеушілерге мемлекеттік қызмет көрсету барысында мемлекеттік қызметтердің көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға бағытталған тұрақты негізде жұмыс жүзеге асырылып жатыр; 

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта құқықтық жалпыға міндетті оқу бойынша семинарлар, "дөңгелек үстелдер", тұрақты сабақтар өткізіліп тұрады;

- салық заңнамасының бұзушылықтарын алдын алу мақсатында БАҚ-та Қазақстан Республикасы Салық кодексінің түсініктемелері тұрақты негізде жарияланады;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес алға қойылған мақсаттар мен міндеттер толық іске асырылса тиімді болады.

 

 

 Басшы                                                                     Е.Ермухамедов