Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ хабарлайды:

Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ хабарлайды:

Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ 2021 жылдың бірінші тоқсанына тұрғын үй көмегін алу үшін құжаттарды тапсыру қажеттілігі туралы хабарлайды. Тұрғын үй көмегі Қамысты ауданының аумағында тұрақты тіркелген және Қазақстан Республикасындағы жалғыз тұрғын үй меншік ретінде құқығындағы тұрғын үйде тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) тұрғын үй көмегі ақшалай төлемге беріледі:

1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстар;

2) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеуге байланысты шығыстарды көздемейді;

3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төленетін ақы.

Тұрғын үй көмегін тағайындау оны алуға өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейін жүзеге асырылады. Қажетті құжаттармен бірге өтініш берген ай өтініш жасалған ай болып есептеледі.

Қызметті "Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕАҚ (ХҚКО) және электрондық үкімет веб-порталында ресімдеуге болады www.egov.kz (ЭЦҚ болған жағдайда).

Кеңесті 21-065 нөмірі бойынша алуға болады.