Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 26 ақпанда Қостанай облысында COVID-19-дың 64 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,52 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласының 37 тұрғыны, Рудный қ. - 10, Арқалық қ., Қарасу және Қарабалық ауданындарында 2-ден, Денисов және Сарыкөл аудандарында 1-ден, Қостанай ауданында-6, Меңдіқара ауданында – 3 жағдай.
48 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 8 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 8 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 54 адамда ауру белгілері болды, 10 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 26 ақпан аралығында COVID-19-дың 12249 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 10827.