2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасында Гам-КОВИД-Вак ("Спутник V") вакцинасын пайдалана отырып КВИ-ға қарсы вакцинация басталды.

2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасында Гам-КОВИД-Вак ("Спутник V") вакцинасын пайдалана отырып КВИ-ға қарсы вакцинация басталды.

Қазақстанда Вакцинация ерікті болып табылады. ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.

Бірінші кезекте коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға халықтың иммундауға жататын қалған топтарын одан әрі қамти отырып, коронавирустық инфекцияның жұқтыру және таралу қаупі жоғары халықтың осал топтары жатады.

Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық көмек, реанимация, МСАК, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері вакцинациямен қамтылады.

Екінші кезеңде вакцинация жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтарын, бірінші кезеңге кірмеген медициналық қызмет қызметкерлерін қамтиды. Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарын, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдарды қамтиды.

Бұдан басқа, кейіннен халықтың қосымша осал топтарын: ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін және басқаларды қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарлануда.

18 жастан 65 жасқа дейінгі адамдар вакцинациялауға жатады.

Егуді жүргізу алдында егілушіге міндетті түрде тексеру жүргізіледі және медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана егу жасалуы мүмкін. Сонымен қатар, әр адам вакцинаның құрамы мен өндірушісі туралы ақпарат берілген нұсқаулықпен таныса алады.

Вакцинация ең алдымен қажетті иммунитетті дамытуға және ауырмауға бағытталған. Алайда, физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты, әдетте, халықтың 5% - ында организм иммунитетті дамытуға жауап бермейді. Алайда, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуының арқасында бұл қабатты иммундалған адамдар да қорғайды. Сондықтан вакцинациямен мүмкіндігінше көп халықты қамту маңызды.

 

Басшысы " Қамысты аудандық

басқармасы санитарлық-

эпидемиологиялық бақылау» РММ                 М.Найманова