Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 19 ақпанда Қостанай облысында COVID-19-дың 68 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,6 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласының 40 тұрғыны, Рудный қ., Лисаков қ., Қостанай ауданының тұрғындары арасында 5 жағдайдан, Сарыкөл және Ұзынкөл аудандарында 4 жағдайдан, Федоров ауданында 3 жағдайдан, Қарасу ауданында 2 жағдай.
47 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 18 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 2 жағдай стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта, 1-еуі алдын алу мақсатында УҰИ-да болған кезде тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 58 адамда ауру белгілері болды, 10 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 19 ақпан аралығында COVID-19-дың 11782 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 10294.